Halyq Uni логотип
×

Ресейде жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Халық үні 03.07.2022 | 21:54

Ресейдің Белгород қаласында түнде күшті жарылыстар болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» теларнасы.

Телеарна мәліметінше, тағы 4 тұрғын жарақат алды. Жапа шекендер арасында 10 жасар бала бар.

Бұл туралы Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеді. Жарылыстан шаһардың шеткі аудандарында 5 жер үй қирап, ондағаны бүлінген. Көпқабатты үйлердің есік-терезелері сынған.

Облыс басшысының айтуынша, жарылыс әуе шабуылына қарсы кешендердің іске қосылуынан болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама