×

«Өзбекстанды шайқауға тырысты»: Мирзияев Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктер туралы айтты

Көрші мемлекет басшысы халқына үндеу жасады

 Халық үні 03.07.2022 | 19:26
фото: ашық дереккөзден

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев кейбір күштердің әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарлар таратып, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысып отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша бұл күштер мемлекеттік саясатқа сенімді жоғалтып, елдің аумақтық тұтастығына қастық жасауға ниеттенген. Мирзияев сондай-ақ митингке шыққандардың кейбірі тәртіпсіздіктерге қатысып, тәртіп сақшыларымен қақтығыс туғызуға тырысқан. Бірнеше топ қару алу үшін Нүкіс Ішкі істер бас басқармасы ғимараты мен Ұлттық гвардия басқармасын басып алуға талпынған. Салдарына бейбіт тұрғындар мен тәртіп сақшыларының арасында жапа шеккендер барын атап өтті.

«Бұл күндері біздің елімізде маңызды саяси процесс – Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қоғамдық талқылау жүріп жатқаны белгілі», - деді Мирзияев.

Сондай-ақ, ол конституциялық реформалар елдің одан әрі әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандығын нығайтуға, «адами қадір-қасиеті үшін» игі идеяларды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталғанын айтты.

Демократиялық қағидаттар мен құқықтық нормалар негізінде азаматтардың өз пікірі мен ерік-жігерін еркін білдіруі үшін жасалған жағдайларға қарамастан, кейбір күштер Конституциялық реформаларға наразылық білдіру сылтауымен агрессия мен зорлық-зомбылық жолын таңдап, Өзбекстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және шайқауға тырысты. Жалған ақпарат таратудың пысықталған технологияларын және әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, деструктивті күштер нақты мақсатты көздеді және азаматтарды Конституцияны бұзатын қызметке тартты. Олардың басты мақсаты - қоғамды тұрақсыздандыру, мемлекетіміз жүргізіп отырған жасампаз саясатқа деген сенімге нұқсан келтіру, Өзбекстанның аумақтық тұтастығына нұқсан келтіру, - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама