Министрліктен бөлек ол бірнеше облысты басқарып, ұлттық компанияларда еңбек еткен
Еліміздің көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған Қажымұрат Нағманов 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Экс-шенеуніктің қазасы жайлы Telegram-дағы YEDILOV ONLINE арнасы хабарлады.
Қажымұрат Нағманов 1990 жылдардың соңында Жезқазған және Шығыс Қазақстан облыстарында әкім болып еңбек еткен. Сондай-ақ көлік және коммуникация министрі, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының вице-президенті, мемлекет басшысының кеңесшісі қызметтерін атқарған.