×

Кеосаянға жауап: Ресейде Еркеш Шәкеевтің туындыларына қаламақы төлеуді тоқтатты

Бұл турлы композитор Вадим Борейкоға берген сұқбатында айтты

 Халық үні 03.07.2022 | 15:43
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің әндерін ресейлік радиостанцияларда ротациялағаны үшін қаламақы төлеуді тоқтатты. Бұл президент Путиннің 2022 жылғы 27 мамырдағы N 322 «Кейбір авторлық құқық иелері алдындағы міндеттемелерді орындаудың уақытша тәртібі туралы» жарлығы күшіне енгеннен кейін болды. Құжат Батыстың санкцияларын қолдайтын, ресейлік армияны «қаралау» және тағы басқа шетелдік зияткерлік меншік иелеріне төлем жасаудан бас тартуды білдіреді. Бұл турлы композитор Вадим Борейкоға берген сұқбатында айтты.

Оның айтуынша, Еркеш орыс мемлекетіне қарсы шыққан емес. Бірақ, оның есепшісіне ресейлік банктер «бұл авторлық құқық иесінің қоғамдық салада бірнеше түсініксіз мәлімдемелері бар» деп түсіндірген.

Шәкеев қазақстандықтарды қорлаған Тигран Кеосаянның шамына тиген «Арандатушы ешкілерге арналады» деген әні деп есептейді. Ол алғаш рет  YouTube-тағы  «Гиперберой» арнасында биыл 6 мамырында жарияланып, 300 000-нан астам қаралым жинады, ал көрермендердің үштен бірі ресейліктер, -дейді Борейко.

Ресейлік тараптың қаламақысын бермеуі одан кек алған түрі деп есептейді музыкант.  Десе де ол өз көзқарасын өзгерткісі жоқ. Нағыз өнерпазды ақшамен қорлауға болмайды.

Бүгін Еркеш Шәкеев «Гиперберой» арнасының көрермендеріне қаңтар оқиғасына арналған жаңа әнін ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама