×

Алматыда тағы бір базарда өрт шықты

Алатау ауданындағы "Бақорда" базары өртенді

 Халық үні 03.07.2022 | 14:07
Фото: Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі

3 шілдеге қараған түні Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Алатау ауданындағы "Бақорда" базарының аумағындағы өртті сөндіруге шықты,  деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер салынып жатқан сауда орталығының жанындағы құрылыс базары жанып жатқанын анықтады.

Өрт орнында дереу жедел штабтың жұмысы басталды, өнімділігі жоғары оқпандар қойылды, өрт автопоезі іске қосылды, үйінділерді жинау үшін құтқару қызметінің ауыр шынжыр табанды техникасы тартылды. Өртті сөндіруге 21 техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылды, - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт бір сағат ішінде оқшауланып, 6.35-те жойылды. Өрт аумағы 2 мың шаршы метр.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Манту орнына БЦЖ: министр екпеден зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесті

Балалар қысқы демалыста «Бурабай» санаторийінде сауықтырудан өтеді
01.12.2022 | 16:16

«Мақсатымыз – эмоционалдық қолдау»: Кез келген адам балалар үйінде тәлімгер бола алады

Қазақстанда 4 мыңнан астам бала жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр
01.12.2022 | 16:06

Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр
01.12.2022 | 15:58

Жамаубаев қазақстандық делегацияны бастап Жапонияға барды

Онда елімізге инвестиция тарту мәселесі талқыланады
01.12.2022 | 15:52