Жапа шекендер арасында 10 жасар бала бар
Ресейдің Белгород қаласында түнде жарылыстар болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 4 тұрғын жарақат алды. Жапа шекендер арасында 10 жасар бала бар. Бұл туралы Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеді. Жарылыстан шаһардың шеткі аудандарында 5 жер үй қирап, ондағаны бүлінген. Көпқабатты үйлердің есік-терезелері сынған. Облыс басшысының айтуынша, жарылыс әуе шабуылына қарсы кешендердің іске қосылуынан болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.