×

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ғылыми сараптама жасалады

Кесене қабырғаларының тұзы шығып, төбесі сыз тарта бастапты

 Халық үні 03.07.2022 | 12:55
Фото: ашық дереккөздерден

Бірнеше уақыт бұрын ғалымдар тарихи нысанның жағдайы мүшкіл екенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Осыған байланысты маңызды тарихи нысанға кең көлемдегі ғылыми сараптама жүргізілмекші, деп хабарлайды Хабар24 арнасы.

Ғалымдар "мына жерін ашыңдар, мына жерін бекітіңдер" деп өздері ұсыныс айтады. Соның нәтижесінде біз қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Кесене біздің ғана емес, бүкіл әлемнің мұрасы. Сондықтан оны сақтап қалу үшін бар күш-жігерімізді саламыз,  -деді Дәурен Абаев.

Кесене жағдайын мәдениет және спорт министрі өз көзімен көріп қайтыпты. Министрдің айтуынша, нысанның ішіне арнайы есептегіш құралдар орнатылған. Олардың көмегімен ғимараттағы өзгерістерді анықтауды көздеп отырмыз. Сосын кәсіби мамандардың көмегімен арнайы сараптама жасалмақшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама