Алматыдан 270 шақырым жерде бір түнде төрт рет жер сілкінді
Сейсмикалық стансалар желісі 3 шілде күні 8 сағат 26 минутта жер сілкінісін тіркеді
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9. Mагнитудасы -4,5. Тереңдігі - 10км. МSК-78 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ, - делінген хабарламада.
Өткен түнде сағат 01:32, 01:40 және 04:02-де Алматыдан оңтүстікке қарай 262, 275 және 273 шақырымда Қытай аумағында тағы үш рет жер сілкінісі болды.
2 шілде күні таңғы сағат 06:56-да сейсмологтар Алматыдан 268 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді.
Еске салайық, Ауғанстандағы жер сілкінісінен 920 адам қаза тапты.