Halyq Uni логотип
×

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жойылу қаупі төнуі мүмкін

Ғалымдар кесенеге ғылыми сараптама жүргізіледі

 Қанат Атаманов 03.07.2022 | 07:30
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жойылу қаупі төнуі мүмкін
Фото: ашық дереккөздерден

Дала сәулетінің жауһары қауіпті аймаққа айналды. Соңғы жылдары жауын-шашынның кесірінен нысанның ішкі қабырғалары ылғалданып, төбесінде дымқыл дақтар пайда болған деп хабарлайды 24.kz

Бұл тарихшыларды алаңдатып отыр. Егер бұл жағдай жалғаса берсе, онда тарихи ескерткішке жойылу қаупі төнуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін жақында кесенеде ылғалдың себебін бақылауға көмектесетін арнайы құрылғылар орнатылды.

Біз кесененің ауа-райына, жер асты суларына қалай әсер ететінін талдауымыз керек. Біз тиісті сенсорларды сатып алдық, олар орнатылған. Енді бұл сенсорлар жазда, сәйкесінше көктем мен қыста қандай жағдай болатынын талдайтын болады. Осы талдаулардың негізінде біз тиісті сараптама жүргіземіз. Сараптамаға тек отандық мамандар ғана емес, үздік шетелдік сарапшыларды да тартқымыз келеді, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістанға жұмыс сапары барысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама