Ақмола облысында зауыт аумағында ер адам тоққа түсіп, көз жұмды

Қанат Атаманов

Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөздерден

Шілденің 1-інде Целиноград аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, «Астана-керамика» кірпіш зауытының маңында жүк автокөлігімен жұмыс істеу кезінде 1976 жылғы ер адамның тоқ соғып, қаза тапқанын айтты, - деді Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Біз бұған дейін, Павлодар облысындағы Ақсу қаласында электр станциясында бір жұмысшының жазатайым оқиға кезінде қаза тапқанын жазған болатынбыз.