×

Мирзиеев Қарақалпақстанның егемендігі туралы Конституция баптарын өзгертпеу туралы шешім қабылдады

Президент Нүкүске келіп, Жоқарғы кеңес депутаттарымен, аға буын өкілдерімен және Қарақалпақстан активімен кездесті

 Қанат Атаманов 02.07.2022 | 22:40
Фото: tengrinews.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нукуста өткен кеңесте Қарақалпақстан тұрғындарының наразылығын тудырған ел Конституциясының 70, 71, 72, 74 және 75-баптарының қолданыстағы редакциялары өзгеріссіз сақталуы керек деп мәлімдеді.

Сенбі, 2 шілде күні президент Нүкүске келіп, Жоқарғы кеңес депутаттарымен, аға буын өкілдерімен және Қарақалпақстан активімен кездесті.

Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды талқылау үдерісі әлі де жалғасып жатқанын, сондай-ақ Қарақалпақстан тұрғындары айтқан пікірлерді зерделеу негізінде Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74, 75-баптарының қолданыстағы редакцияларын өзгеріссіз сақтау қажеттігін атап өтті, - делінген президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзбекстанның қолданыстағы Конституциясында Қарақалпақстан халқының жалпы референдумы негізінде ел құрамынан шығу құқығына ие егемен республика ретінде көрсетілген. Жақында ел Конституциясына түзетулер жобасына сәйкес бұл ережелерді алып тастау ұсынылған. Осы түзетулерге байланысты 1 шілдеде Қарақалпақстанда заңсыз митингілер басталды.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі Қарақалпақстанның бас қаласы - Нүкүсте өткен митингтерге республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеуі себеп болғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06