Қауіпсіздік қызметкерлері наразылық білдірушілерді таратып, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларды ұстады
Жоғарғы кеңес, Министрлер кеңесі және Қарақалпақстанның ІІМ 1 шілдеде Нукуста мемлекеттік басқару органдарын басып алу әрекеті орын алғаны туралы мәлімдеме жариялады.
Ресми нұсқа бойынша, кейбір тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар адамдарды әкімшілік ғимараттардың алдындағы елордалық алаңға жинады. Арандатушылар шеруге шыққан азаматтарды мемлекеттік мекемелерді басып алуға итермелеп, Өзбекстандағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасады, - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, билік өкілдерінің айтуынша, шетелден келген сыртқы күштер жағдайды өршіту мақсатында ғаламторда фейк ақпараттар таратып, оқиғалардың бұрмалауға тырысқан.
Қауіпсіздік қызметкерлері наразылық білдірушілерді таратып, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларды ұстады. Оларға қатысты тергеу жүргізілуде.
Жергілікті басылымдар 1 шілдеге қараған түні шерушілердің бір бөлігі шынымен Жоқарғы кеңес ғимаратына барғанын хабарлады. ІІМ ерекше мақсаттағы жасағы адамдарға қарсы су таратқыштарды, көзден жас ағызатын газды, резеңке оқтарды, түтін шашкаларын пайдалануға мәжбүр болған. Куәгерлердің айтуынша, екі адам жарақат алған.
Естеріңізге салсақ, 1 шілде күні Нукус қаласының мыңдаған тұрғыны наразылық акциясына шыққан болатын. Олар Өзбекстан Конституциясының өзгеруіне қарсы. Қарақалпақстан Өзбекстан аумағының 40%-ын алып жатыр. Онда 2 миллионға жуық адам тұрады.