Зардап шеккен ер адам – 1985 жылы туған машинист-қараушы
Павлодар облысындағы Ақсу электр станциясындағы қазандық-турбиналық цехында болған жазатайым оқиға кезінде бір адам көз жұмды.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасында 30 маусымда 103 желісі бойынша Ақсу қаласы ЕЭК АҚ станциясы мекенжайы бойынша шақыру түскенін хабарлады.
Жедел жәрдем тоғыз минутта жетті. Зардап шеккен ер адам – 1985 жылы туған машинист-қараушы. Өкінішке қарай, зардап шеккен азамат қайтыс болды, – дейді басқарма өкілдері.
«ERG Service» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, серіктестіктің жұмысшысы сағат 22.03-те көз жұмған. Компания асыраушысынан айырылған отбасыға қажетті көмек көрсетеді.
Қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істеп жатқан. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Тергеу басталды. «ERG Service» ЖШС ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, – деп жазылған хабарламада.