×

Головкин – Альварес жекпе-жегінде қазақстандықтар үшін арнайы сектор ұйымдастырылады

Барлық орындар қазақстандық боксшының бұрышы жағында болмақ

 Қанат Атаманов 02.07.2022 | 21:00
Фото: ашық дереккөздерден

Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекке тамашалағысы келетін отандастарымыз үшін жеке сектор бөлінбек. Қазір бұл нұсқаны қазақстандық боксшының командасы белсенді түрде пысықтауда.

GGG командасының өкілі атап өткендей, Барлық орындар қазақстандық боксшының бұрышы жағында болмақ.

Бұған дейін бізге қазақстандықтар тарапынан осындай секторды ұйымдастыру туралы көптеген өтініштер келіп түскен болатын. Біз Лас-Вегасқа келгісі келетіндердің чемпионымызға тікелей жанкүйер болу мүмкіндігіне ие болғанын қалаймыз. Сондықтан қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 17 қыркүйекте кәсіпқой бокстағы ең үлкен спорт мерекесі өтеді. Сондықтан жанкүйерлеріміз де оны толық сезінгенін қалаймыз. Қазіргі уақытта билеттер саны, қатарлар анықталып, ел аумағында сату операторы қарастырылуда. Мәліметтер пайда болғаннан кейін біз қосымша ақпарат береміз, - деп хабарлады геннадий Головкиннің командасы.

Айта кетсек, жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама