×

«Жазда Еуропа елдерінде коронавирус өршиді» – ДДСҰ

ДДСҰ болжамынша, күнделікті өлім-жітім 2020 жылдың жазындағы деңгейге жетеді. Яғни күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады

 Қанат Атаманов 02.07.2022 | 19:30
Фото: ашық дереккөздерден

Қазір Еуропаның 53 елінде күн сайын 500 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге мәлімдеді.

Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасындағы мәліметте соңғы айда Еуропада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші үш есеге артқанын жазылған.

ДДСҰ болжамынша, күнделікті өлім-жітім 2020 жылдың жазындағы деңгейге жетеді. Яғни күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады.

Еуропа елдері бұрынғы шектеулерді алып тастағандықтан, жазда вирустың таралу деңгейі жоғары болады. Елдер оны бақылауды тоқтатқандықтан вирус жойылмайды. Ол әлі де таралып жатыр, әлі де өзгеріп, өмір сүріп жатыр, - деді Ханс Клюге.

Ұйым індеттің алдын алу бойынша ұсыныстарды күшінде қалдырады. Яғни уақытылы вакцина салдыруға және қоғамдық орындарда маска киюге және аурудың белгілері бар адамдарды оқшаулауға шақырды.

Бұған дейін Еуропа елдерінде жаңа омикрон-BA.4 және BA.5 штаммының таралуына байланысты COVID-19 жұқтырғандар саны едәуір өскені туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Премьер-министр облыс әкімдерінің жұмысын сынға алды

Олар өңірге инвестиция тарта алмаған
30.01.2023 | 09:15

КХДР Ресейдің басты стратегиялық одақтасы болып шықты

РФ армиясымен және халқымен әрдайым бір окопта боламыз, – деді Солтүстік Корея басшысының қарындасы
30.01.2023 | 09:03

30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады
30.01.2023 | 09:00

Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
30.01.2023 | 07:35