×

Алматы іргесіндегі «Алтын-Орда» базарында өрт шықты

Тілсіз жау бірталай аумақты қамтып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылған

 Халық үні 02.07.2022 | 16:33
Фото: ашық дереккөздерден

2022 жылғы 02 шілдеде сағат 13:19-да кезекші бөлімінің пультіне Алматы облысының Қарасай ауданындағы Алматы-Бішкек тас жолының бойында "Алтын орда" базарының аумағында орналасқан "Жеті құрдас" базарында үш ғимараттың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті: самса дайындау үй-жайының шатыры, ломбард ғимаратының шатыры және екі қабатты кафенің шатыры, – деп хабарлады Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер. 

Өрттің ауданы 200 шаршы метр, құрылыстың жалпы ауданы 400 шаршы метр.

Оқиға орнына жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді.  Өртті сөндіруге Алматы облысының ТЖД (16 қызметкер 5 бірлік техника), Алматы қаласының ТЖД (11 қызметкер және 2 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (6 қызметкер және 2 бірлік техника) жұмылдырылды.  Сағат 14.14-те өрт сөндірілді. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына ТЖ бепартаментінің өрт сынақ зертханасы жіберілді, – деген ақпарат таратты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама