×

ҚТЖ Украина астығын тасымалдаған қазақстандық кеме туралы қосымша мәлімдеме жасады

ҚТЖ кемені жалға алушыдан мән-жайды жедел әрі егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрады

 Халық үні 02.07.2022 | 16:06
Фото: ашық дереккөздерден

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазақстандық «Жібек жолы» кемесінің Украина астығын тасымалдағаны туралы ақпаратқа қатысты қосымша мәлімдеме жасады.

Кеше БАҚ Украина Бас прокуратурасы жүк кемесін ұстап, қамауға алу жөнінде Түркияға сұрау салғанын хабарлады. Бұл өтініштің нақтылығын Украинаның уәкілетті мемлекеттік органдары тексереді. Екі елдің елшілерімен белсенді консультациялар жүргізіліп жатыр. Бұрын хабарланғанындай, астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жүргізілген. Еуропада тіркелген компания мәміленің заңды екенін мәлімдеп отыр. Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растаушы құжаттарды (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдады. ҚТЖ халықаралық құқық нормаларын сақтауға міндетті екенін растайды, - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

 

 Осыған байланысты Украина Түркиядан кемені тексеруді, сот-медициналық сараптама үшін астық үлгілерін алуды, астықтың орналасқан жері туралы ақпаратты алып беруді талап еткен.

Бұған дейін де компания қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен Украинадан астық экспортталып жатқанына қатысты пікір білдірген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама