ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу пунктерінің уақытша жабылғанын растады
Қазір «Дәуіт-ата» – «Тәжен» өткізу пунктінде адамдардың, көліктердің және жүктердің өтуі тоқтатылды.
2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерден түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы" "Даут-ата" – "Тәжен" өткізу пунктінде (автомобиль) адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша "Қарақалпақстан" – "Бейнеу" бағыты бойынша теміржол қатынасын тоқтату жоспарланып отыр, - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.
Сондай-ақ «Қарақалпақстан» – «Бейнеу» темір жол қатынасы да тоқтатылады.
Еске салайық, кеше Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында Конституцияға енгізілген өзгертулерге қарсы жаппай наразылық өткен болатын.