«Жібек жолы» кемесі украинаның 7 мың тонна астығын тиеп әкеткен
Reuters агенттігінің мәліметінше, Ресей туының астындағы «Жібек жолы» кемесі украинаның 7 мың тонна астығын тиеп әкеткен. Бердянск теңіз сауда портында бидай тиелген "Жібек жолы" кемесі Түркияның Қарасу портына жіберілген.
Осыған байланысты Украина Түркиядан кемені тексеруді, сот-медициналық сараптама үшін астық үлгілерін алуды, астықтың орналасқан жері туралы ақпаратты алып беруді талап етеді.
Ал қазақстандық «ҚТЖ" ҰК» АҚ баспасөз қызметі ресейлік компания санкциялық шектеулерді қатаң сақтайтынын мәлімдеп отыр.