Halyq Uni логотип
×

Мешітте имамды теуіп тастаған бұзақы деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты

Талдықорғандағы мешіттердің бірінде имамды соққыға жыққан ер адам ұсталды

 Халық үні 02.07.2022 | 12:00
Мешітте имамды теуіп тастаған бұзақы деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты
Фото: ашық дереккөздерден

Талдықорғандағы мешітте намаз кезінде деструктивті діни ағымның жақтаушылыры шу шығарған. Олар намаздан кейін, мешіт ауласына шығып, мешіт қызметкерлеріне дауыс көтерген. Осы кезде деструктивті діни ағымның жақтаушысы имамды ұрып, теуіп тастаған. 

Шабуыл жасаған 33 жастағы ер адам ұсталды. ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша іс қозғалып (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) сотқа қарау үшін жолданды, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талдықорған қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен, бұзақы жеті тәулікке қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама