×

Қарақалпақтар егемендігін жоюға қарсы шықты

Билік бірнеше оппозиция белсендісін, журналистер мен блогерлерді қамауға алған

 Халық үні 02.07.2022 | 06:01
фото: видеодан скриншот

Қарақалпақстан Өзбекстан құрамына кіреді. Ел Конституциясына енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, Қарақалпақстан қазіргі бекітілген егемендігі мен Өзбекстаннан шығу құқығынан айырылуы мүмкін. Осы сипаттағы түзетулерді елдің басты Заңының 70-75 баптарына енгізу ұсынылды, деп жазады Ateo Breaking.

Елдің бірқатар қалалары мен ауылындағы қарақалпақтар видео үндеу жариялап, ұсынылып жатқан өзгерістермен келіспейтіндіктерін білдіргені нақтыланады.

Сонымен қатар, жергілікті билік бірнеше оппозиция белсендісін, журналистер мен блогерлерді қамауға алған. Алайда наразылықтар басылмай, олардың бір бөлігі босатылды.

Айта кетейік, Қарақалпақстанның егемендігі туралы Декларация 1990 жылы қабылданды. 1993 жылдың басында Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының құрамына кіретінді нақтылайтын мемлекетаралық шартқа қол қойылды. Автономия территориясы ел аумағының үштен бір бөлігінен асады, бірақ мұнда екі миллионға жуық адам тұрады. Қарақалпақстан пайдалы қазбаларға бай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама