×

Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды

Адамның бас сүйегі мен ұсақ сүйектері шыққан

 Халық үні 02.07.2022 | 00:30
фото: inform.kz

Мақтааралда жергілікті тұрғын ауласынан әжетхана қазып жатқанда белгісіз адамның бас сүйегі шыққан, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бұл туралы Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер 1,5 метр тереңдіктен табылған адамның бас сүйегі мен ұсақ сүйектерін алып, сараптама тағайындады.

«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 001-бабымен тіркеуге алынды. Осы бойынша ауыл үлкендері мен жалпы тұрғындардан мән-жайды сұрастырдық. Өз кезегінде бірнеше тұрғын бұл жер осыдан шамамен 50-80 жыл бұрын мазарат болғанын көрсетті. Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары жергілікті тұрғындарға қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қабырғасы жарылған, жертөлесі көгерген: Астанадағы 2 млрд теңге бөлінген мектептің құрылысы жайлы

Президент тапсырмасымен салынған мектептің қазіргі жағдайы осындай
07.02.2023 | 16:15

ШҚО-да 120 мың гектар жер бос жатыр. Ал шаруаларға жер жетіспейді

Өңірдегі жайылым жердің жалпы көлемі 2,3 млн гектар
07.02.2023 | 16:06

Түрік жаттықтырушысы жер сілкінісінен отбасындағы 15 адамнан айырылды

Соңғы дерекке қарағанда, қаза тапқандар саны 3 381 адамға жетті
07.02.2023 | 15:59

Димаш Құдайберген зілзаладан зардап шеккендерге көмектеседі (ВИДЕО)

Ол көмек ретінде концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін бөледі
07.02.2023 | 15:43