×

Қазақстан дипломатиялық қызметінің құрылғанына 30 жыл толды

Еліміз 186 мемлекетпен дипломатиялық байланыс орнатқан

 Дәурен Ерболат 01.07.2022 | 22:15
Фото: Halyq Uni

Биыл Қазақстан дипломатиялық қызметіне 30 жыл және дипломатиялық бизнес клубтың құрылғанына 7 жыл толды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Елордада өткен салтанатты іс-шараға Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Еуропалық Одақ өкілдігінің Қазақстандағы басшысы Кястутис Янкаускас, дипломатиялық корпустың дуайені, Палестинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Монтасер Абу Зейд, дипломатиялық бизнес клубтың тең төрағасы Исламбек Салжанов, Lancaster Group директорлар кеңесінің төрағасы Берік Каниев және шетелдік елшілер қатысты.

Баршаңызды ортақ мерекемен құттықтаймын. 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ережесіне қол қойылды. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығын атап өтіп жатырмыз, - деді сыртқы істер министр.

Мұхтар Тілеуберді Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, көпвекторлы сыртқы саясатты ұстайтынын атап өтті.

«Осыған байланысты Қазақстан көптеген беделді халықаралық ұйымның мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның институттарымен тұрақты негізде өзара байланыс жасап, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк, АДБ, ЕҚДБ-мен және тағы басқа ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтты», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде еліміз 186 мемлекетпен дипломатиялық байланыс орнатқан. Шетелде Қазақстанның 66 елшілігі, 17 бас консулдығы, екі дипломатиялық миссиясы және 11 консулдығы бар.

Министр дипломаттардың күш-жігерінің арқасында тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 380 млрд доллар тікелей инвестиция құйылғанын айтты.

«Жаңа Қазақстан» идеясы мен құндылықтарын басшылыққа ала отырып, қазақстандық дипломатия қоғамның және әрбір азаматтың нақты сұранысына бағдар жасайды. Қазақстандық дипломаттар еліміздің ұлттық мүдделерін халықаралық аренада ілгерілетуді қамтамасыз ете отырып, өз борыштарын абыроймен атқарып жатыр. Олар Қазақстанның беделін нығайтуға ықпал етіп, күрделі жаһандық және өңірлік мәселелерді лайықты шешуде, - деді Мұхтар Тілеуберді.

Дипломатиялық бизнес клубтың тең төрағасы Исламбек Салжанов Қазақстан әлемде бейбітшілікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.

Баршаңызды бүгінгі Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығымен құттықтаймын. Осы 30 жылда Қазақстан 186 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Халықаралық аренада бейбіт саясат жүргізіп, әлемдік қауіпсіздікке өз үлесін қосты, - деді ол.

Исламбек Салжанов 7 жыл бұрын дәл осы күні Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен дипломатиялық бизнес клуб құрылғанын еске салды.

Клуб мүшелерін 7 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Біздің клуб шетелдік дипломатиялық корпуспен қазақстандық кәсіпкерлер арасында экономикалық және мәдени әріптестік орнатуға үлес қосып келеді. Дипломатиялық бизнес клуб президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әділетті Қазақстан құру саясатын қолдайды. Алдағы уақытта біздің клуб мүшелері Қазақстанға шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға, Қазақстан тауарларын шетелдік нарыққа шығаруға үлес қосады деп сенемін. Баршаңызға қызметке табыс пен сәттілік тілеймін. Әріптестік байланысымыз нығая берсін, - деп түйіндеді сөзін дипломатиялық бизнес клубтың тең төрағасы.

Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

Ол шетелде жауапты қызметтер атқарған
03.10.2022 | 10:46

Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды
03.10.2022 | 10:40

ШҚО мен Ұлытау облысы - білім алмаған немесе тұрақты жұмысы жоқ жастар саны бойынша көш бастап тұр

Елімізде білімі бар 15 пен 28 жас аралығындағы жастар саны - 3,24 млн адам
03.10.2022 | 10:31