Қымбатшылық тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында да байқалған
2022 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 19,2%-ға өсті. Мүндай деректерді ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.
Қант былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 78,7%-ға, қырыққабат 72,4%, пияз 69,3%-ға қымбаттаған. Картоп бағасы 9,8% төмендеген.
Бағаның өсуі(маусым 2021ж.-маусым 2022ж., өсім, пайызбен)
78,7% құмшекер
22,8% қышқыл сүт өнімдері
72,4% қырыққабат
21,9% минералды және ас су
69,3% басты пияз
20,7% кондитерлік өнімдер
33,1% ұн
19,1% салқындатылған сусындар
30,1% макарон өнімдері
18,5% темекі өнімдері
29,7% құс еті
17,3% нан
28,5% жармалар
16,8% жылқы еті
26,0% қатты ірімшік
16,3% шұжық өнімдері
25,4% тоқаш және ұн өнімдері
15,9% сары май
25,3% жаңа піскен жемістер
14,9% қой еті
23,5% кептірілген жемістер мен жаңғақтар
14,7% күнбағыс майы
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі бір жылда 13,2%-ды құраған. Жуу және тазалау заттары – 20,8%, тұрмыс құралдары – 19,7%, құрылыс материалдары – 18,6%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 18,2%, автомобильдер – 15,1%, ыдыс-аяқ – 13,9%, тоқыма бұйымдары – 10,8%, фармацевтикалық өнімдер 9% қымбаттаған.
Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өскен.
Баға деңгейі қоғамдық тамақтандыру қызметтерінде – 15,9%, денсаулық сақтау қызметтерінде – 14,7%, санаторий қызметтерінде – 13,7%, кешенді демалу ұйымдарында – 13,2%, шаштараздар бен жеке қызмет көрсету орындары қызметтерінде – 12%, қонақ үй қызметтерінде 5,7% өскен. Жолаушылар көлігі қызметтері 4%-ға қымбаттаған.
Қымбатшылық тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында да байқалған. Электр қуаты тарифі – 7,5%, қоқыс шығару – 2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,4% жоғарыласа, ал орталықтан жылыту тарифі – 2,3% және ыстық су тарифі 0,9% төмендеген.
Дереккөз: Qamshy.kz