Halyq Uni логотип
×

Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларын тергеуді бастады

Мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі тергеліп жатыр

 Ербол Тұрымбет 01.07.2022 | 18:10
Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларын тергеуді бастады
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама