×

Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті

Депозиттердің қалған түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды

 Динара Амантай 01.07.2022 | 14:34
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы тамыз айына жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені арттырды. Бұл туралы ҚДКБҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қор өкілдерінің мәліметінше, тұрақты депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескеріп, жинақ салымдарының барлық түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды.

3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 0,5 т. және 1,0 т., 12 айға жинақ депозиттері бойынша 0,1 т. және 24 айға – 0,2 т. арттырылды, – делінген хабарламада. 

Депозиттердің қалған түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама