×

Назарбаев маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкіметте сөз сөйлей алады

Елбасы Конституциялық кеңес құрамына кіре алады

 Халық үні 20.01.2022 | 13:17
фото: inbusiness.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент пен оның палаталарының алдында, Үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеуге құқылы.

Сонымен қатар Елбасы Конституциялық кеңес құрамына кіре алады. Тиісті өзгерістер «Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы» туралы Конституциялық заңға енгізілді. Заң сенаттың қарауында жатыр.

Бұл ретте Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығынан айырылды. ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілеттіктері Қазақстан президентіне берілді.

Еске салайық, 2022 жылдың 6 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жариялап, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болғанын мәлімдеді.

18 қаңтарда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жақында Nur Otan партиясының төрағалығына Қасым-Жомарт Тоқаев сайланатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама