Алматыда қаңтардағы оқиғаларға арнап пантеон салынады
Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге 2 млн теңгеге дейін қаражат беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
Зардап шеккендерге төленетін жалпы сомасы 220,5 миллион теңге өтемақы мынадай көлемде беріледі:
Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне де қолдау көрсетіледі. Олар 3 айға коммуналдық шығындардан босатылып, зардап шеккен бизнестің коммуналдық шығындары жергілікті бюджет есебінен жабылады. Одан бөлек, ШОБ субъектілері коммуналдық нысандарды жалға алу ақысынан 6 ай мерзімге босатылады.
Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Алматыда қаңтардағы оқиғаларға арнап пантеон салынатынын мәлімдеді. Пантеонның эскизін дайындауға арналған ашық сәулет байқауы жарияланады.