×

Қырғызстан Қытайға жерлерін беруге дайындалып жатыр

Елдің сыртқы қарызының көбісі ҚХР-ға төленуі керек

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2022 | 08:58
фото: vb.kg

Қырғыз Республикасының Үкімет басшысы Ақылбек Жапаров елдің Қытайға қарызын қайтара алмай жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы Economist.kg хабарлады.

Ол Қырғызстан Қытайға қарызын өтей алмаса бірнеше маңызды стратегиялық нысандардың жерлерімен қоса ҚХР өкіметіне берілетінін атап айтты. Оның айтуынша, Қырғызстан көрші елге Бішкек қаласындағы жылы электр орталығы, «Датқа-Кемін» жоғары вольтты электр желісі мен жаңартылып жатқан «Солтүстік-Оңтүстік» (Бішкек-Ош) тас жолын Қытайдың басқаруына өткізуге мәжбүр болады.

А. Жапаровтың айтуынша, алдағы 5 жылда Қырғызстан шамамен 400-600 миллион доллар қарыз өтеуге тиіс, оның 80 пайызы сыртқы қарыз, ал оның жартысынан астамы Қытайдан алынған.

2022 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша Қырғызстанның Қытайға берешегінің жалпы көлемі 1,8 миллиард доллар болды. Келесі жылы шетелдерге сыртқы қарыздың көп бөлігін қайтаруға тиіспіз. 2032 жыылға дейін қарыздың 83 пайызын төлеуіміз керек. Төлей алмасақ жағдай қиындайды, - деді ол.

Оның айтуынша, қарыздың тең жартысынан астамын Қытайдың Эксимбанкіне төленуі керек.

Қытай Қырғызстаннан қарызды қайтаруды талап етіп отырған көрінеді. ҚХР-дан Қазақстанға қоныс аударған қандасымыз Ерлан Мазанның айтуынша, қытайдың интернет қолданушылары қырғыз Үкімет басшысының «Мойнымыздағы ажырғыдан құтылуға тиіспіз» деген сөзін көңілдеріне алып, «Айналдырған 400-600 миллион долларды өтей алмаса несіне ел болып отыр?!» деп жатқан көрінеді.

Бұл туралы Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының аға ғылыми қызметкері Чжан Нин айтты, - деді ол.

Сонымен бірге ол Үкіметтің «Манас» пен «Ош» әуежайларын Түркияның YDA INŞAAT компаниясына 39 жылға жалға беруге дайындалып жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама