Halyq Uni логотип
×

Келіні қайын енесінің тамағына әйнек қосып жүрген

Жүргізілген сараптама барысында оның ағзасынан зиян заттар мен ұсақ әйнектер табылыпты

 Қанат Атаманов 01.07.2022 | 08:30
Келіні қайын енесінің тамағына әйнек қосып жүрген
Фото: ашық дереккөздерден

Өзбекстанның Ташкент қаласында келіннің бірнеше жыл бойы енесінің тамағына зиян заттар мен әйнек қосып беріп жүргені анықталды.

Zamon.uz сайтының хабарлауынша, бұл туралы Өзбекстанның Әділет министрлігі жанындағы Х.Сулайманова атындағы республикалық сот сараптамасы орталығының мәліметінде айтылған.

Белгілі болғандай, әйел келінін тамаққа зиян заттарды салып жүр деп күдіктенген. Оның айтуынша, тәбеті жоғалып, біраз уақыттан кейін жағдайы нашарлай түскен. Ақыры ауруханадан бір-ақ шыққан. Жүргізілген сараптама барысында оның ағзасынан зиян заттар мен ұсақ әйнектер табылыпты.

Орталық сарапшысының айтуынша, тергеу барысында келін енесінің денсаулығына зиян келтіру және одан кейін өлімге әкеп соқтыру үшін бірнеше жыл бойы зиян заттар мен әйнектер қосқаны расталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама