×

Жеке кәсіпкерлер қолдарынан айырылған балаға пәтер мен протез сыйға тартпақ

Төрт жасар Аманжол Орынбекұлын трансформатор будкасында тоқ соғып, екі қолынан айырылған болатын

 Қанат Атаманов 01.07.2022 | 05:30
Фото: ашық дереккөздерден

24 мамырда Батыс Қазақстан облысындағы Жанғала ауданында тұратын төрт жасар Аманжол Орынбекұлын трансформатор будкасында тоқ соғып, екі қолынан айырылған болатын. Дәрігерлер оның екі қолын иық тұсынан кесіп тастауға мәжбүр болды. Аманжол әлі ауруханада жатыр, алайда жағдайы біршама жақсара бастаған.

«Мой город» порталының хабарлауынша, алматылық кәсіпкер әйел бала мен оның ата-анасына Оралдан екі бөлмелі пәтер сыйлауға шешім қабылдады. Тұрғын үй қазірдің өзінде сатып алынды, Аманжол ауруханадан шыққаннан кейін ауылға қайта бармайды. Онда физикалық және психологиялық тұрғыдан қиындық туындауы мүмкін.

Келесі аптада отбасыға кілт табысталады. Тағы бір жақсы жаңалық, протез шығаратын компания Аманжолға көмектесуге уәде берді. Олар баламызға жылжымалы протезді тегін жасап бермек. Бірақ оған дейін оңалту курсынан өтуі керек. Әрине, анасы оны Нұр-Сұлтанның немесе Самараның емханасына апарғысы келеді. Содан кейін ғана олар Алматыға барады, Аманжолдың өлшемін алып, алты айдың ішінде протезді жасайды. Бізді уайымдап, көмек көрсетіп жатқандардың барлығына алғысымыз шексіз, - дейді отбасының туысы Айдана.

Оралдағы Жастар мәдениет үйінде қайырымдылық концерті өтеді. Түскен барлық қаражат Аманжол Орынбекұлының еміне жұмсалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама