×

Қазақстандағы ең жоғарғы дәрежедегі дипломат ДБК-ның салтанатты шарасына қатысады

Палестина мемлекетінің елшісі мен ДБК тең төрағасы кездесті

 Қанат Атаманов 01.07.2022 | 00:00
Фото: ашық дереккөздерден

Бүгін Дипломатиялық бизнес клубтың тең төрағасы Исламбек Салжанов еліміздегі дипломатиялық корпустың дуайені, Палестина мемлекетінің елшісі Монтасер Абу Зейд мырзамен кездесіп әңгімелесті. Бұл туралы Исламбек Салжанов Facebook-тағы парақшасында жазды.

Монтасер Абу Зейд мырза – Қазақстанда Палестина тарапынан атқаратын дипломатиялық миссиясына 2015 жылы кіріскен. Яғни, біздің еліміздегі елшілік қызметінің ұзақтығына байланысты ең жоғарғы дәрежедегі дипломат.

Кездесу барысында Абу Зейд мырза Дипломатиялық бизнес клубтың қызметіне жоғары баға беріп, дуайен ретінде ертең өтетін Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығы мен клубтың 7 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысатынын айтты.

Дипломатиялық клуб аясында Елші мырзамен бұдан кейін де тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуға уағдаластық. Дуайенге елшілік қызметінде өзара достастық пен сыйластыққа табан тірейтін қатынастарды дамытуда сәттілік тілеймін!, - деп жазды Исламбек Салжанов.

Еске салсақ, Қазақстандағы шет мемлекеттердің елшілері мен Қазақстанның бизнесмендері аталмыш клубқа мүше бола алады. Клуб мүшелері елшіліктердің кеңесшілері (экономикалық кеңесшілер), сондай-ақ отандық және халықаралық компаниялардың жоғары басшылығы бола алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама