×

Вегетариандық бағытты ұстанған ана туған баласын аштан қатырып өлтірді

Бала өлімінің ресми себебі – дұрыс тамақтанбау

 Қанат Атаманов 30.06.2022 | 23:00
Фото: ашық дереккөздерден

Аталмыш тамақтану әдісін ұстанған 38 жастағы келіншек баласына 18 ай бойы тек көкөністер мен жемістер беріп келген. Өкінішке қарай, дұрыс тамақтанбаған бала аштықтан көз жұмды. 

Дәрігерлердің айтуынша, бала өлімінің ресми себебі – дұрыс тамақтанбау. Қайтыс болған кезде оның салмағы 7,7 келі болған. Ал 9 жастағы дені сау баланың салмағы 14 келіні құрауы керек.

Полиция келіншектің бұл ісін бірінші дәрежелі кісі өлтіру және балаға қатыгездік туралы баптар бойынша бағалады.

Айта кетсек, вегетариандық – еттен толық бас тарту. Олардың бұл өмір салтын таңдау себебі әртүрлі. Бірі жануарларға жанашырлықтан, екіншілері денсаулығын ойлағаннан, ал үшіншілері қоршаған ортаның ластануына қарсы болғандықтан вегандыққа көшеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама