Тоқаевтың сынынан кейін Қорғаныс вице-министрі қызметінен босатылды
Дарын Тұяқов Қорғаныс вице-министрі болып 2020 жылдың қазанында тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Тұяқов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
19 қаңтарда Президент жарлығымен Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатып, бұл қызметке Руслан Жақсылықовты тағайындалды. Оған дейін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, экс-министрдің жұмысын сынға алды.
Армия тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық, – деді Жоғарғы бас қолбасшы.