Зеленский Сириямен қарым-қатынасты үзіп, бұл елге экономикалық санкциялар енгізбек

Қанат Атаманов

Сирияның Сыртқы істер министрлігі Украина аумағындағы «КХДР» және «ЛПР» республикаларының тәуелсіздігін мойындау бойынша шешім қабылдаған

Фото: ашық дереккөздерден

Сәрсенбіде Сирияның Сыртқы істер министрлігі Украина аумағындағы «КХДР» және «ЛПР» республикаларының тәуелсіздігін мойындау бойынша шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.

SANA ақпараттық агентігінің таратқан ақпаратта Сирия тарапының екі республика билігімен байланысқа шығып, өзара іс-қимылды нығайту және дипломатиялық қатынастарды орнату туралы келісімге келуді көздеп отырғаны айтылған.

Владимир Зеленский кезекті бейнеүндеуінде бұл ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

Бұл жағдайда Украина мен Сирияның арасында ешқандай да қарым-қатынас болмайды. Біз Сирияға қарсы санкциялық қысым көрсетеміз, - деді Украина президентті.

Оның айтуынша, бұл шешімнен кейін Сирияға қарсы санкциялық қысым күшейе түспек.