Даниал Ахметовты әлеуметтік желіде сынаған семейлік блогерлер сотталды
Сот ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі («алаяқтық») және 274-бабының 3-бөлігі 3-бөлігі бойынша айыптау үкімін шығарды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті әлеуметтік желіде белсенді сынап танымал болған семейлік блогерлер – Айдос Серікқалиұлы мен Офелия Гусейноваға қатысты сот үкімі шықты.
Семей қалалық №2 соты С.-ға ҚР ҚК 274-бабының 3-бөлігі («жалған ақпарат тарату») бойынша азаматына және Г.-ға ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі («алаяқтық») және 274-бабының 3-бөлігі 3-бөлігі бойынша айыптау үкімін шығарды. Екі айыпталушы да бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. «Рақымшылық жасау туралы» Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес, С. бір жылға бас бостандығын шектеу белгіленді. Ал Г. сол негізде алты айға бас бостандығын шектеу тағайындалды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот мәліметінше, 2021 жылдың сәуір айында Айдос Серікқалиұлы қоғамдық қауіпсіздікті бұзу және өңірдегі ірі құрылыс компаниялардың бірі «Азия» ЖШС-нің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру мақсатында жалған ақпарат таратқан. Блогерлерге Instagram әлеуметтік желісінде және Youtube-арнада бірнеше хабарлама таратқан. Сонымен қатар, Айдос Серікқалиұлы компанияның беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараты бар бейнероликтер түсірсе, Офелия Гусейнова мәтін жазып, фото-видеоларды ресімдеумен айналысқан. Кейін ол ақпараттар Instagram-дағы пабликтерде жарияланып келген.
Дәлелдемелерді зерттеген сот олардың кінәсі толығымен дәлелденді деп есептеді. Сот қорытындысы бойынша сотталушылар жалған ақпарат тарату арқылы «Азия» компаниясына 456 045 394 теңге көлемінде залал келтірді деп танылды.