Петропавлдық монополист компания тұтынушыларына қарыз болып қалды
Компания энергия тасымалына кететін шығындарды халық есебінен өтеп келген
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы тұтынушылардан заңсыз төлем алып келген «Севказэнергосбыт» ЖШС-ін жылу энергиясының шығыны үшін халықтан алынған төлемді қайтаруға міндеттеді.
Өңір тұрғындары 2021 жылдың қараша айынан бері Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментіне «Севказэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты коммуналдық төлемдерді есептеу тәртібінің заңға сай еместігі жөнінде бірнеше рет шағым түсірген.
Белгілі болғандай, компания теңгерімдік тиесілік шекарасында орналасқан есептегіш құралдары бар петропавлдықтардан жылу ысыраптары үшін төлем алып келген. Департамент өз тарапынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді.
Арызда тарифтік ведомство жылу энергиясы ысырабының есебін жарамсыз деп тануды, есептеулер жүргізуді тоқтатуды және 2020-2021 жылдары Петропавл тұрғындарына қайта есептеу жүргізу талап етілді. Сот «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің тұтынушыларға жылу шығындары үшін есеп жүргізу әрекеттерін заңсыз деп танып, компанияға аталмыш кезеңдегі жылу шығындары үшін есептелген соманы қайтарып, есептеу жұмыстарын тоқтатуды міндеттеді.
Осылайша, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.