Мекемеге қарасты 1429 стандартты және 670 Тальго вагондары бар
Шілде-тамыз айларында үш жаңа маршрут іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның айтуынша жаңа бағыттар келесі қалаларды байланыстырады:
- Нұр-сұлтан-Шымкент;
- Нұр-сұлтан-Қостанай;
- Нұр-сұлтан-Алматы.
«Жалпы қазір ҚТЖ-ға қарасты 2215 вагон бар. Оның ішінде 1429 бұрынғы стандартты вагон және 670 Тальго вагондары», – деді Жәнібек Тайжанов.
Еске сала кетсек, бұған дейін Назарбаеваға тиесілі ЖШС-мен келісімшартты «Қазақтелеком» бұзғанымен, ҚТЖ асықпай отырғанын жаздық.