×

Ресей Украинаның Змеиный аралынан кетті

РФ әскері басып алған жерді өз еркімен тастап кеткенін мәлімдеді

 Дастан Жұмабекұлы 30.06.2022 | 17:34
Көрнекі фото

Ресей Қара теңіздегі Украинаның Змеиный аралынан кетті.

Бұл туралы dw.com хабарлады.

Ресей өз еркімен Змеиный аралынан кетті. Бұл шешім Ресейдің әлемдік қауымдастыққа Украина территориясынан жеткізілетін ауылшаруашылығын өнімдеріне кедергі келтірмейтінін көрсету үшін жасалып отыр, - делінген РФ Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ал Украина қарулы күштерінің «Оңтүстік» командованиесінің хабарлауынша, бүгін түнде украин әскері Змеиныйды басып алған ресейлік гарнизонды атқылаған. Осыдан кейін олар аралды тастап кетуге мәжбүр болып, тұра қашқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама