Halyq Uni логотип
×

СҚО-да әйелін атып өлтірген тұрғын көп ұзамай өзі де қайтыс болды

Марқұмдардың артында кәмелет жасқа толмаған үш бала қалды

 Самат Жақып 30.06.2022 | 15:47
СҚО-да әйелін атып өлтірген тұрғын көп ұзамай өзі де қайтыс болды
көрнекі фото: alm.sud.kz

Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы жағдай болды. Тергеушілердің алдын ала нұсқасы бойынша, әйелін атып өлтірген Айыртау ауданының тұрғыны өзіне қол жұмсаған. Жан түршігерлік оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ерлі-зайыптылардың соңында кәмелетке толмаған үш бала қалды.

Шақырту бойынша қылмыс орнына жеткен жедел тергеу тобы адам қолынан қаза тапқан екі адамның мәйітін тауып алған. Оның біреуі әйел адам болса, екіншісі марқұмның күйеуі - Лобанов ауылының 36 жастағы тұрғынының денесі.

Қайғылы оқиға 27 маусымда таңғы сағат 5 шамасында болған. Қайғылы жағдай жайында полицияға атыс кезінде үйде болған балалар хабарлаған. Оқиға орнынан аңшы мылтығы тәркіленді. Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамаларының кешені тағайындалды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (ауырлататын мән-жайлардағы кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Марқұмдардың артында қалған кәмелетке толмаған үш бала Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Оқиғаның негізгі нұсқаларының біріне сәйкес, 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелін атқан. Сосын әйелінің өлімінен соң өзін-өзі атқан. Алайда қорытынды тергеу нәтижелерінен кейін шығарылады», - делінген Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама