Ұлыбританияның Украинаға әскери көмегі – миллиард фунт
Осы кезге дейін Тұманды Альбион елі 2,8 млрд доллар берген
Ұлыбритания өз жерінде Ресей басқыншыларына қарсы соғысып жатқан Украина армиясына тағы миллиард фунт стерлингтің көмегін көрсететінін мәлімдеді.
Бұл туралы «УНИАН» хабарлады.
Ұлыбритания үкіметі Украина қарулы күштеріне Ресейдің жаяу әскерлеріне қарсы шабуылға шығу үшін қажет болатын қосымша жабдық-жарақтарды беруді мақсат етіп отыр.
Премьер-министр Борис Джонсон офисінің мәліметіне қарап, Bloomberg хабарлағандай, қаржы көлемінің көбейетіні НАТО-ның Мадридте өткен саммитінде жария етілді.
Бұл қаржы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін, беспилотниктер, электронды күрес жабдықтары мен басқа да құралдар сатып алуға жұмсалады.
Сондай-ақ Ұлыбританияның соғыстың басынан бері Украинаға жалпы 2,3 миллиард фунт стерлинг (2,8 миллиард доллар) көлемінде әскери жәрдем бергені атап өтілді.
Сол сияқты Канада да Украинаға қосымша көмек бергелі жатқанын жариялады.
Нидерландының Премьер-министрі Марк Рютте Италияның болашақта Украинаға Амстердам мен Берлин арқылы гаубица секілді ауыр қару-жарақтар жіберетінін айтты.