Halyq Uni логотип
×

Еуропа соты Украинаның Ресейге қарсы шағымын қарауға кірісті

Бірінші кезеңнің өзінде ғана 80 млрд доллар шығын келген

 Дастан Жұмабекұлы 30.06.2022 | 11:46
Еуропа соты Украинаның Ресейге қарсы шағымын қарауға кірісті
фото: kommersant.ru

Еуропаның Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі соты Украинаның Ресейге қарсы талап-арызын қарауды бастады.

Бұл туралы «УНИАН» хабарлады.

Бұған Украина мемлекетінің басқа төрт ұсынысы мен 850-ге жуық жекелеген арыз-шағымдар негіз болған.

Шағымдар 23 маусым күні қабылданған. Соттың төрағасы Роберт Спано істі соттың төртінші сотына тапсырған. Ол (төртінші сот) Ресейге хабар берген.

Сол күні Украинаның Әділет министрі Денис Малюська өзі басқаратын ведомство Еуропаның адам құқықтары жөнінде сотына Ресейге қарсы жаңа талап-арыз бергенін хабарлаған.

Украинаның талап-арыздарында Ресей әскерінің 24 ақпаннан бергі соғысынан зардап шеккен барлық адамның құқы мен нысандарға өтемақы төлеу талап етілген. Ресейдің басып кіруінің бірінші кезеңінде елге кемінде 80 млрд доллардың шығынын келтірілген.

Украина талап-арызда Ресей билігін егемен елдің территориясына заңсыз басып кіру арқылы Еуропаның адам құқықтары жөніндегі конвенциясын бұзды деп айыптайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама