Науқас адамдардың саны 1 306 608 болды
Өткен тәулікте Қазақстанда 137 адамнан коронавирус анықталды.
Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында 26 адам ауруды жұқтырған. Алматыда 77 адам емделіп жатыр. Шымкентте 6 ауруханаға түскен. Ақмола облысында 4 адам ем қабылдауда.
Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 4, Қарағанды облысында – 9, Павлодар облысында – 2 адам дертке шалдыққан. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау мен Түркістан облыстатында бір-бір адамнан емделіп жатыр.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус әзірше ешкімнен анықталған жоқ.
Өткен тәулікте 47 адам коронавирустан жазылды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 306 608 жетті.
Кеше коронавирусты 110 адам жұқтырған болатын.