Halyq Uni логотип
×

Қостанайда бұрын істі болған 39 мемқызметші заңды түрде жұмыс істеп жүр

Олар мемлекеттік қызметке түскенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған

 Халық үні 30.06.2022 | 06:32
Қостанайда бұрын істі болған 39 мемқызметші заңды түрде жұмыс істеп жүр
фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында бұрын қылмыс жасаған тұлғалардың неге жұмыс істеп жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ведомствода заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған, бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамдар үшін саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға өмір бойына шектеу белгіленгенін атап өтті.

 «Мемлекеттік қызметке кіру үшін уақытша шектеулер мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға белгіленген. Қостанай облысында саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істейтін 39 адам мемлекеттік қызметке түскенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған», - деп түсіндірді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінде.

Яғни, осы 39 тұлғаға заңнамаға сәйкес шектеу қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама