×

Атырауда притон ұйымдастырған Өзбекстан азаматы ұсталды

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

 Айнұр Асылбекқызы 30.06.2022 | 02:22
коллаж: Halyq Uni

16 маусым күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Атырау қаласы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтаумен айналысқан азаматшаны анықтады.

Тергеу барысында оның 1998 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматшасы екендігі анықталып,​ жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек және синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылып, тәркіленді.

Атырау облысы бойынша сот сараптамалары Институты тәркіленген заттардың психотроптық заттар @-pvp және кептірілген марихуана екендігін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК-нің 296​ бабы 4 бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді
06.06.2023 | 16:55

Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен баласы қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 жолаушы ауруханаға жатқызылды
06.06.2023 | 16:48

Әскери мектептегі әлімжеттік: Қорғаныс министрлігі түсінік берді (ВИДЕО)

Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
06.06.2023 | 16:35