Атырауда притон ұйымдастырған Өзбекстан азаматы ұсталды
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
16 маусым күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Атырау қаласы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтаумен айналысқан азаматшаны анықтады.
Тергеу барысында оның 1998 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматшасы екендігі анықталып, жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек және синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылып, тәркіленді.
Атырау облысы бойынша сот сараптамалары Институты тәркіленген заттардың психотроптық заттар @-pvp және кептірілген марихуана екендігін анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.