×

GGG Ресей-Украина соғысы жайлы алғаш рет пікір білдірді

Мен мұндай жаһандық сұрақтарға жауап беретін саясаттанушы емеспін, дейді ол

 Халық үні 30.06.2022 | 01:08
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Ресейдің Украинаға жасаған әскери операциясы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Fightnews.info сайты. 

Оның айтуынша, қазіргі болып жатқанның барлығы – жаһандық трагедия.

Мен оған сәл басқаша көзқараспен қараймын. Яғни сырттай қарауға мүмкіндік береді. Сыртқы көзқарас менің ойымды өзгертпейді. Мен үшін болып жатқан жайт – трагедия. Егер кінәлі болған болса, міндетті түрде жауапкершілікке тартылар еді. Бұл туралы айту маған қиын. Мен мұндай жаһандық сұрақтарға жауап беретін саясаттанушы емеспін, – деді Геннадий Головкин Саул Альвареспен трилогияға арналған баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ ол өзінің «Канеломен» үшінші жекпе-жегі төрт жыл бұрын өткен болса, бүгінгіден қызығырақ болатынын айтты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама