Halyq Uni логотип
×

Елімізде крипто-биржалардың жұмыс істеуі бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Қазақстан биткоин желісінде есептеу қуаты бойынша АҚШ пен Қытайдан кейін үшінші орында тұр

 Халық үні 29.06.2022 | 20:25
Елімізде крипто-биржалардың жұмыс істеуі бойынша пилоттық жоба іске қосылды
фото: kabt.kz

Astana Finance Day аясында «Цифрлық активтердің өсуі: жаңа мүмкіндіктер, тәуекелдер және реттеу» сессиясы өтті, оған Басқарма төрағасы Сапар Ахметовтің қатысуымен Қазақстан блокчейн технологиялары қауымдастығы қатысты. Бұл туралы қауымдастықтың ресми сайты хабарлады. 

Астана халықаралық қаржы орталығы негізіндегі криптобиржалардың жұмыс істеу механизмі бойынша Пилоттық жобаға арналған Панельдік сессияның өтуі Қазақстандағы криптоиндустрияны дамытудың маңызды оқиғасы болды. Оның аясында AIFC платформасында криптовалюта биржаларының заңды қызметі ресми түрде басталды. Жоба ағымдағы жыл бойы пилоттық режимде жұмыс істейтін болады. Binance пилоттық жобаға қатысуға лицензия алды.

Қазақстан блокчейн технологиялары қауымдастығының басқарма төрағасы Сапар Ахметов АХҚО негізінде криптобиржалардың жұмыс істеуі бойынша Пилоттық жобаның іске қосылуы туралы былай деп түсіндірді:

Халықаралық аналитикалық орталықтардың деректері бойынша 324 мыңнан астам қазақстандық цифрлық валюталарға иелік ететінін ескерсек, криптовалюта айналымының құқықтық алаңының қажеттілігі өткір болды. Дайындық өткен жылдың наурыз айында біздің Премьер-Министрге жазған хатымыздан және жұмыс тобын құрудан басталды. Пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабар елдегі криптоиндустрияның дамуына тын серпін береді. Оның дамуында  отандық крипто қоғамдастық қана емес, сонымен қатар ел басшылығы да мүдделі. Мұны Президенттің мәлімдемелері мен Үкіметтің белсенді ұстанымы растайды. Біз Қазақстан аймақтық крипто хабқа айнала алады деген сенімдеміз, - деді Сапар Ахметов. 

Криптоиндустриядан түсетін кірістің айтарлықтай бөлігі транзакциялық комиссияларда шоғырланғанын атап өткен жөн, соның ішінде криптобиржалардағы криптовалюталардың айналымында. Түрлі бағалауларға сәйкес, криптобиржалардан түсетін салық түсімдері 5 жыл ішінде 400 миллион доллардан асуы мүмкін.

Еске салайық, Кембридж университетінің соңғы мәліметтері бойынша Қазақстан биткоин желісінде есептеу қуаты бойынша АҚШ пен Қытайдан кейін үшінші орында тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама