×

Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті басталды

Қазақстан басшысы баяндама жасады

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2022 | 18:06
фото: Telegram

Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті басталды.

Каспий саммитіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей, Иран, Түрікменстан, Әзербайжан елдерінің басшылары қатысып жатыр.

Бүгін Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келіп, алдымен осы елдің бұрынғы президенті Түрікменстан Ұлттық кеңесі Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. 

Кездесуде Тоқаев оны қазақ-түрікмен қарым-қатынастарына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Одан кейін Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездеседі.

Саммитте Қазақстан басшысы баяндама жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама