Сенатта ауыс-түйіс: палатадағы комитет басшылары сайланды

Халық үні

Депутаттар Бейбіт Исабаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді

фото: Мұрат Бақтиярұлы, Бейбіт Исабаев

Депутат Мұрат Бақтиярұлы Сенаттағы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Оның орнына Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып 2022 жылдың 13 қаңтарда президент жарлығына сәйкес Сенат депутаты болып тағайындалған Бейбіт Исабаев сайланды.

Мұрат Бақтиярұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамында қызмет етуге өтініш білдірген. Осыған қатысты шешім палата отырысында қабылданып, Сенат қаулыларымен Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылып, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне сайланды.

Сенатор Нариман Төреғалив Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне Бейбіт Исабаевты сайлауды ұсынып, депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс берді.